Қостанайда су құрамы қауіпті бұлақ көздері анықталды

0
2

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қостанай қаласының экологтары бұлақ суының құрамынан нитрат, фосфат және ауыр металдар барын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қостанайда қала ішіндегі бұлақтардан шыққан су тұтынуға жарамсыз деп танылды. Экологтар су құрамын зерттеу арқылы осындай тұжырым жасады.

Жергілікті экологтар сынама үлгілерін алып, арнайы зертханада талдау жүргізген. Нәтижесінде бұлақтардан шыққан судың адам денсаулығына зиянын тигізетіні анықталды деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Сараптама көрсеткендей, су құрамында нитрат пен фосфат және ауыр металдар бар. Олар тиісті нормадан 2-3 есеге көп.

«Біз бірнеше рет жергілікті атқарушы органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына су құрамында химиялық заттардың тиісті мөлшерден артық екенді туралы хат жолдадық», – дейді сынақ зертханасының меңгерушісі Айгүл Әбілтаева.

Сондай-ақ, жолданған хатта химиялық қауіпті деп танылған су жеке сектордағы бақтарға ағып баратыны атап өтілген. Ал тұрғындар болса бақшасында өсімдіктерді осы сумен суарып жатыр.

Оқи отырыңыз: Суға салып, шомылу керек: дәрігер жалбыздың біз білмейтін пайдасы туралы айтты

Сондай-ақ бұлақ көздерін су тасқыны кезінде қызыл судың шайып кету қаупі жоғары.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз