Қостанайда шетелдіктерден пара алған полиция подполковнигі сотталды
Ол шетелдіктерден жалпы қамқорлығы, кедергісіз тіркеу мен тұруға ықтиярхатты рәсімдегені үшін жүйелі негізде пара алған
НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Қостанай қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін сотталды.
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте пара алды деген күдік бойынша облыстық полиция департаменті Қостанай қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы полиция подполковнигі К.С.Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Ол Г.В. Кравчуктың көмегімен Э.В.Манукян, И.И. Гребенюк, А.Л. Егиазарян, М.П.Закоян мен Х.М. Махмадовтан жалпы қамқорлығы, кедергісіз тіркеу мен шетел азаматтарына тұруға ықтиярхатты рәсімдегені үшін 3 миллион 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
2019 жылдың 29 қазанындағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжановқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырылды.
Тағы оқыңыз: Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?
Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.
sputniknews.kz