Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Әли Ахмедов соңғы рет 6 қазанда америкалық Эндрю Эрнандеспен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ТОП-15 рейтингіне енді, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетсек, Ахмедов соңғы рет 6 қазанда америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-8-2, 9 КО) жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко бокс кешінің андеркардында өтті. Әли қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл үшін жерлес боксшы небәрі 44 секунд жұмсады. Жекпе-жекте Ахмедов WBC International Silver чемпионының белбеуін қорғады.

Тағы оқыңыз: Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео

Бұл жеңістің арқасында қазақстандық чемпион WBC рейтингісінің 15-ші орнына көтерілді. Осы тізімдегі басты титулға GGG-мен спаррингке шыққан Давид Бенавидес (22-0, 19 КО) ие.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз