Қостанайда оқушының әкесі мұғалімді соққыға жықты

0
113

Мұғалім қыз балаға әдепсіз сөйлеп қойған.

Қостанай қаласы А.М.Горький атындағы мектептің екінші сыныбында оқитын қыздың әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін соққыға жықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған мектептің директоры Ирина Шушпанова айтқандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыға бірнеше мәрте ескерту жасаған.

«Мұғалім қыз балаға әдепсіз сөйлеп қойған. Дегенмен оның бұл сөздері әлдебіреуді қорлайтындай айтылған жоқ. Мұнан соң қыздың әкесі мектепке келіп, оқу орнының дәлізінде мұғалімді ұрып-соққан. Қазір оның жағы сынып, ауруханада жатыр. Осы факт бойынша полицияға арыз жазды», – дейді мектеп директоры.

Ирина Шушпанованың пікірінше, мұғалім оқушыға қатысты артық кеткен, алайда, сол үшін әкесінің қол жұмсауы ретсіз. Керісінше, алдымен мектеп әкімшілігіне хабар беруі тиіс еді.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады және оқиға бойынша тергеу жүргізілуде екендігін хабарлады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/