Қостанай онкодиспансерінің бас дәрігері пара үшін үйқамаққа алынды

0

Наурзов ауыр қылмыс жасады – алдын ала келісім бойынша бір топ тұлғамен қомақты мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Қостанайда «Қостанай облыстық онкологиялық диспансері» КМК бас дәрігері Мүслим Наурзов 2 айға үйқамаққа алынды, өйткені ол пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«2018 жылы 13 желтоқсанда Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу соты Қостанай облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының департаменті тергеу басқармасы ІІБ тергеушісі – жедел-тергеу тобының жетекшісі К.Х. Мирамовтың «Қостанай облыстық онкологиялық диспансері» КМК бас дәрігері Мүслим Наурзовты 2 айға үйқамаққа алу өтінішін қанағаттандырды», – деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Наурзов ауыр қылмыс жасады – алдын ала келісім бойынша бір топ тұлғамен қомақты мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Қостанайлық онкодиспансердің бас дәрігері жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны туралы 11 желтоқсанда белгілі болды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/