жұлдызнаманың 12 белгісіне арналған жорамал

0

2019 жылы қайда баруға болады: жұлдызнаманың 12 белгісіне арналған жорамал


Шетелге аттану қажет пе әлде туған жерде қалған жөн бе? Тексерілген шипажайды таңдау қажет пе, не болмаса жаңа әрі белгісізіне бару қажет пе? Достармен болмаса жалғыз өзіңіз демалысыңызды өткізу керек пе? Жұлдызнаманың әрбір белгісіне «Битва экстрасенсов» финалисі, көріпкел Кажетта Ахмеджанова өзінің астрологиялық болжамын ұсынады.

Тоқты  (21 наурыз — 19 сәуір)
Тоқтыларға жұлдыздар 2019 жылы, әсіресе бірінші жартыжылдықта мүмкіндігінше көп саяхаттауға кеңес береді. Сізге өмірлік тонусты ұстап тұру үшін жаңа сезімдер мен қосымша энергия көздері қажет. Өзіңізге барынша жайлы, жақсы көретін және ол жақта өзіңізге қолайлы болатындығын білетін елдер мен шипажайларды таңдаңыз. Баламасы – өркениеті мүлдем жоқ белгісіз аудандар.

Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Сізге саяхаттауға қолайлы кезең мамыр айында басталып, шілдеге дейін созылады. Ал жылдың басында сапар жоспарлаудың қажеті жоқ. Жұмыстың көптігі мен басы артық ойлар сізге еркінсуге және демалыстың барлық ләззатын көруге мүмкіндік бермейді. Бағытқа қатысты айтар болсақ,  сурет өнері, сәулет немесе музыка сынды бай мәдени мұрасы бар елдерді таңдаған жөн. Сізге астаң-кестең болған ішкі үйлесіміңізді қалпына келтіру үшін өнермен тілдесу қажет.

Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
2019 жылы егіздердің саяхаттауы үшін барлық жолдар ашық болады. Дегенмен,  нақты бағытты айқындау өте күрделі міндет болмақ. Бірден барлығын қалайсыз. Сіз үшін тамаша нұсқа – бір орында отырмау, керісінше шипажайлар арасында немесе тіпті бір сапардың арасында елдердің арасында үнемі ауысып отыру. Түрлі менталитетті тасымалдаушылармен және өзге мәдениет өкілдерімен араласу сіздің әлем түсінігіңізді кеңейтіп, өзіңіздің ішкі әлеуетіңіздің шекарасын сезінуге көмектеседі. 

Шаян (21 маусым  — 22 шілде)
Шаяндарға наурыздың соңына дейінгі кезеңде саясаттауды жоспарлаудың қажеті жоқ. Барлығы да қалағаныңыздай болмауы, тіпті, соңғы сәттерді сапарыңызды кейінге шегеруге тура келуі де мүмкін. Ал жылдың еінші жартысы сапар жасауға барынша қолайлы болмақ.  Белсенді демалыс – бұл сізге қажет дүние. Ол қандай да бір сәтте жоғалтып алған физикалық пішіміңізді қалпыңа келтіруге мүмкіндік беріп, энергетикалық күшіңізге тың серпін береді. Экзотикасы мен көптеген экстримі бар бағытты таңдағаныңыз дұрыс болады. Мүмкіндігінше барлық ахуалды өзгертуге тырысыңыз.

Арыстан (23 шілде  — 22 тамыз)
Арыстандар үшін көктем айының басы саяхаттау шін барынша қолайлы уақыт болмақ. Адамзат өркениетінің барлық жетістіктеріне басымдық беріп, Еуропа мен АҚШ-қа сапарлаңыз. Жұлдыздар басқаратын ішкі даусыңыз сізге немен айналысу керектігі туралы кеңес беретін болады. Егер тосыннан мейрамханада одан кейін клубтан бірақ шығатын болсаңыз, оған таңданбаңыз. Сізді көптеген байланыстар күтіп тұр. Тіпті, қарама-қарсы жыныспен жаңа қарым-қатынас орнап қалуы мүмкін. Оның байыптылығы мен ұзақ уақытқа созылуын өзіңіз реттей аласыз. Хауыз қасында жатуға не болмаса көрікті жерлерге саяхаттауға ниет артпай-ақ қойыңыз.

Бикеш (22 тамыз – 22 қыркүйек)
Бикештер! Тыңдаңыздар, одан кейін естімедік деп жүрмеңіздер! Жылдың алғашқы жартысы сіздер үшін саяхаттауға барынша қолайлы. Жұлдыздар тек қана ұзақ мерзімді сапарларды жоспарлап қана қоймай демалыс күндері де батыл саяхат жасауға кеңес береді. Нақты қайда саяхаттау айтарлықтай маңызды емес. Ең бастысы мынаған назар аударыңыз: жанға жылы орта сіздің сапарыңызды табысты өтуінің кепілі. Өзіңіз жыға танымайтын адамдармен сапарды бірге жоспарлаудың қажеті жоқ. Себебі сіздің көңіліңзге қаяу түсуі мүмкін. егер сіз әзірше жалғыз болсаңыз, онда сапар барысында екінші жартыңызды тауып қалуыңыз бек мүмкін.

Таразы (23 қыркүйек  — 22 қазан)
2019 жылғы сіздің сапарыңыздың мақсаты – ішкі әлеміңізді байыту және зияткерлік әлеуетіңізді кеңейту. Тарихы мен мәдени мұрасы бай ел мен қаланы таңдаңыз. Әлемдік маңызы бар рухани орталыққа жасаған сапарыңыз, өнердің ұлы туындыларымен жете танысуыңыз, тіпті энергетикасы қуатты жерде болуыңыздың өзі сізге шабыттануға және тың идеялар тудыруыңызға барлық мүмкіншілікті жасайды. Ендеше, уақытыңызды жоғалтпаңыз, шабаданыңызды ертерек жинай бастасаңыз соған сай Жұлдыздармен тілдесетін энергетикалық арнаңыз да кеңейе түседі.

Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
2019 жылдың бүкіл бірінші жартысында сізге рухани және физикалық күшіңізді қалпына келтіріп, ақыл-ойыңызды ретке келтіруге тура келеді. Сондықтан, егер мамыр айының мейрамдарына дейінгі кезеңде саяхаттауға шешім қабылдасаңыз, онда абыр-сабырдан және шамадан тыс белсенділіктен аулақ болыңыз. Тыныш қана бассейн жағалауында жатуға болатын немесе саябақ пен гүлзардың бойында серуендеуге мүмкіндік бар жерге аттаныңыз. Жылдың екінші жартысында ісіңіз өрлейді, ал қаржылық мүмкіншілігіңіз әйтеуір армандаған сапарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрине, сіз сөз не жайында болып отырғанын түсінесіз. Қалғаны сәтте мүмкіншілікті жіберіп алмау қажет.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Сіз, әдеттегідей барлығына бірден үлгеруге тырысасыз. Бірақ, өкінішке орай сізде қаржының, бос уақыттың, тіпті ойлаған дүниелеріңізді іске асыруға өзге де ресурстардың жетіспейтіндігін сезінесіз. Басым мәселелерді орын-орнына қойып, ең бастысына назар аударатын кез жетті. Мәселен, өзіңіз барынша қалай дүниеге. Көңіліңізді түсірмеңіз, егер өз-өзіңізбен ортақ ымыраға келе алмасаңыз, онда барлығы да демалыс күндері аквапаркке барумен аяқталады. Біршама қаражатты қажет ететін саяхатты жылдың екінші жартысына жоспарлағаныңыз жөн.

Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Өткен жыл бойы сізде болашақ сапарыңызға қатысты ой бірнеше мәрте қылаң берген болатын. Оны іс жүзінде сынап көретін уақыт жетті. Идеяларыңызды  қарапайым әрі қалтаңыз көтеретінінен бастап жүзеге асыруға батыл кірісіңіз. Жұлдыздар қандай нұсқауға тоқтау қажеттігін міндетті түрде көрсетіп, қажетті барлық ресурстарды да ұсынатын болады. Біртүрлі көрінсе де,  жалғыз сапарлау сізді ұятқа қалдырмайды. Тіпті өзіңіздің ішкі «меніңізге» құлақ асып, онымен ымыраға келу сынды тамаша көңіл-күй сыйлайды.

Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Бұл жыл суқұйғыштар үшін жаңа жаңалықтар мен таңданыстарға толы болмақ. Саяхатқа қатысты айтар болса, 2019 жылы сіз өміріңізде алғаш рет уақытты да, қаржыны да өзіңізге шектемейтін боласыз. Жұлдыздар суқұйғыштар тартымды ортамен көптеген қызықты әрі көңілді сапарларды бастан кешіретіндігін айтуда. Ал ол үшін ең жақсы маусым – көктемнің басынан бастап қыркүйектің соңына дейінгі кезең. Ал жылдың басында қуат жинауға арнағаныңыз дұрыс. Тыныштық пен мазасыздық, теңіз шуылы мен ароматерапеия, жұлдызды аспанға көз салу мен жеңіл массаж – міне, сізге дәл қазіргі уақытта нақты қажет дүниелер осы.

Балықтар (19 ақпан — 20 наурыз)
Жұлдыздар 2019 жыл балықтар үшін жұмыстағы зор жүктеменің болатындығын көрсетіп отыр. Шындығында да ол өте көп болады және жекелеген жоспарларды жүзеге  асыруға мүмкіншілік тым аз. Алайда өмірде мерекеге арналған орын бар демекші, саяхаттауға да міндетті түрде уақыт табылады. Бұл ретте ең тамаша нұсқа – еуропалық елдердің бірі жұбыңызбен бірге романтикалық сапарға шығу. Мәселен, Ромео мен Джульетта алғаш рет сүйіскен, тамаша амфитеатры мен танымал балкондары дар Веронға баруға болады. Егер сіз бойдақ болсаңыз, онда ең жақын досыңыз немесе құрбыңыз Стокгольмға не Копенгагенге баруға тамаша серік болады.  Көңілді  ортамен саяхаттауды күз маусымының басына қалдырғаныңыз жөн.

Дереккөз: turizm.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz