Қостанай облысындағы өрттен бизнеске келтірілген шығын 200 млн теңгені құрады
Қостанай облысындағы өрттен кейін бизнеске келтірілген шығын 200 млн тенгені құрады, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта зардап шеккен бизнес субъектілерінің саны 18, оның ішінде Әулиекөл ауданында — 17, Қарасу ауданында – 1, 1 комбайн, 1 трактор, ауыл шаруашылығы жабдығына зиян келтірілді. 12 кәсіпкердің айтуынша, олардың мүліктік залалының сомасы 200 млн тенгеден асады, алты субъект залал сомасын анықтайды», — деп хабарлады Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте ӨКП директоры Данияр Күзенбаев.
Әсіресе, кафе, ТЖО, сауда өкілдері және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің шағын бизнесі шығынға ұшыраған.
«Біз қаржы мекемелерінің басшыларымен қарыздарды есептен шығару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, қаржы мекемелерінің атына тиісті хаттар банктердің қарауында жатыр. Мүліктеріне залал келтірілген бизнес субъектілері анықталды, кері байланыс орнатылды, мүлікті тексеру актісі әзірленді, нысандарды фото — және бейнетіркеу арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. Өрттен зардап шеккендердің толық тізімін жасау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қоңырау шалу процесі жалғасуда», — деді Данияр Күзенбаев.
Қазақстандық кәсіпкерлердің үлесі мен көмегі байқалады – Kostanay Music Fest-тен Т50 млн, «Агромашхолдинг КЗ» ЖШС-тен және Allur зауытынан 100 млн және Т56 млн гуманитарлық көмек көрсетілді.