Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы заң енгізілді

0

Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтару туралы заң мәжіліске енгізілді, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап.

«Депутаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының заңына мынадай түзетулер енгізді: 25 Қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленсін; 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленсін», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚазТАГ Тұңғыш Президент күнін Қазақстандағы мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруға ниетті екенін хабарлаған болатын.