Қостанай облысында еліктің кесірінен жантүршігерлік апат болды
Көлік жүргізушісі тоқтап үлгермей, жануарды қағып кетпеу үшін жолдың қарсы бетіне шығып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Қостанай облысында Қостанай – Меңдіқара тас жолында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады «Алау» порталы.
Жантүршігерлік апат 16 шілдеде сағат 07.20-да Владимировка елді мекенінен үш километр жерде болған. Toyota автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 46 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «Нивамен» соқтығысқан.
Toyota жүргізушісінің айтуынша, жол апатына трассаға жүгіріп шыққан елік себепші болған.
«Ниваның» 40 жастағы жолаушысы ауруханада есін жимастан көз жұмды.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс
sputniknews.kz