Қостанай облысында 58 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

0
76

2018 жылғы 28 желтоқсан 19:01 243

Қостанай облысында 58 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті


ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полицейлері 58 жастағы облыс тұрғынына іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федоров ауданының Федоров селосында тұратын Наталья Владимировна Горобец 24 желтоқсан күні таңғы 08:00 шамасында үйінен шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелге қатысты мәліметтерді жариялады. Оның бойы – 165-170 см, ірі денелі, шашы қысқа, қара түсті, көзі жасыл түсті.

Үйінен шыққанда үстіне қара түсті капюшоны бар мамық үлбір (пуховик) мен қара түсті шалбар, аяғына қара етік киген.

Хабар-ошарсыз жоғалған әйел туралы қандай да бір ақпарат болса Федоров аудандық полиция бөлімшесіне хабарласыңыздар. Байланыс нөмірлері: 8(714-42) 2-18-58; 8-705-300-78-11, немесе «102» (қоңырау тегін).

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz