Қостанайдағы әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысында мәлім етілді, деп жазады kznews.kz сайты.
«Қостанай халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», — делінген құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған болатын. Құжат 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.