Қорқынышты қылмыс: СҚО-да жаңа туған сәбиін өлтірген әйел ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жаңа туған нәрестені өлтірді деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысы Обуховка ауылының тұрғыны — баланың анасы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

сәби

Сәбидің денесі полиэтилен пакетіне оралған күйі сарайдан табылған.

Әйел азаматтық некедегі күйеуі және оның туыыстарымен бірге туған. Туыстары оның жүкті екенін білмегенін айтты. Әйел өзінің жүктілігін мұқият жасырған.

«Аталған фактіні тексеру үшін жедел-тергеу тобы, полиция бөлімінің және аудандық прокуратураның басшылығы жіберілді. Оқиға болған жерді қарау барысында қора-қопсы құрылыстарының артынан жаңа туған қыздың мәйіті табылды», — деді  СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы Динара Сағындықова.

Сараптама көрсеткендей, әйел сәбиді тек көшеге тастап кетпеген, ол оны өлтірген. Полицейлердің айтуынша, оған сәбидің денесіндегі зорлық-зомбылық іздері дәлел болады. Бірақ тәртіп сақшылары қорқынышты қылмыстың егжей-тегжейін әлі жария етпей отыр.

«Біздің ОАА-ға түсті, оны жергілікті фельдшер алып келді, әйелден қан кету басталғаннан кейін оларды үйге шақырған. Ауруханаға алып келді, біз не болғанын сұрадық, ол өзінің жүкті екенін, есепке тұрмағаннын және баласын түсіріп алғанын айтты», — деді Тайынша ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жанар Алданазарова.

Бұл — әйелдің үшінші нәрестесі. 2018 жылы оның тұңғышы өлі болып туылған, екінші баласы өткен жылы дүниеге келген, дені сау, қазір туыстарымен бірге.

stan.kz