Косметолог ісі — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында айуандықпен өлтірілген косметологтың ісі қайта жанданды. Өткен жылы такси жүргізушісі мен оның азаматтық некедегі әйелін кінәлі деп тауып, түрмеге жапқан еді. Алайда кейіннен үкімнің күші жойылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

косметолог

«Алғашқы сот орыс тілінде өткен болатын, себебі жәбірленуші тарап өздерінің мемлекеттік тілде сөйлемейтіндерін жеткізіпті. Ал айыпталушылар орысша білмейді екен, сондықтан оларға аудармашы тағайындалған. Үкім шыққаннан кейін сотталғандар сот шешімін түсінбегендерін айтып, апелляцияға берген. Енді іс қайта қаралатын болады», — деді судья Мұхидин Тохтахунов. 

Жангелді Құбланов пен Айдана Беренова қайта сотқа тартылды. Бірінші отырыстан кейін олар сәйкесінше 17 және 16 жылға абақтыға қамалыпты. Қазір айыпталушылардың адвокаттары бұл үкімді азайтуға барын салмақшы. Құбланов өзінің кінәсін жартылай ғана мойындаса, ал оның жұбайы аталған оқиғаға өзінің қатысы жоқ екендігін айтып отыр. Бұған қоса марқұмның күйеуі мен қызы да тергеушілердің алдында түсінік беріпті. Олар айыпталушылардың кінәлі екендігіне күмән келтірмейтіндігін жеткізген. Сөздерінше, косметологтың туыстары қаскөйлерді өмір бойына бас бостандығына айыру туралы жазаны сұрап отыр. 

«Үкім шыққан болатын, біраз уақыттан кейін сот үкімі заңды күшін жойғаны туралы хабарлама келіп тұр. Айыпталушылар апелляцияға беріпті. Біз енді Жоғарғы сотқа арызданамыз. Қылмыскерлерді өмір бойына түрмеуге қамауды талап етеміз. Шыны керек, қайтадан болған жайтты тыңдауға шамамаыз келмейді», — деді косметологтың туысы Рағиля Рустамова.  

Еске саларлық жайт, 40 жастағы Батура Мамедова мамырдың соңында жұмысынан шығып, үйіне қайтар жолда жоғалып кеткен. Оның денесі келесі айда бір-ақ табылған. Әйел жоғалған күні өзімен бірге қомақты сома мен қымбат әшекей бұйымдары болғандығы анықталған. Айыптаушы тараптың үкіміне сәйкес, ер азамат пен әйел оны қайтар жолда тонап, артынша өлтіріп кеткен. 

 

 

stan.kz