«Қорғас» бақылау бекетінде «алтын инелер» салынға иесіз жүк табылды

0
89

Жүктің салмағы 45 келіні құраған.

Қорғаста «алтын инелер» салынған бірнеше қорап табылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғас шекара отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығын шолып жүріп, шекарашылар Қазақстанға қарай шыға берісте жалпы салмағы 45 кг-ға жуық иесіз заттар тауып алды.

«Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда – ыстық балауыз, сонымен бірге, «алтын инелер». Жүктің 10 кг-ға жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты», -деп хабарлап отыр ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Сонымен қатар, Петропавловск шекара отрядының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды. Оған – автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер себеп болған. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі.

Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/