Қордайдағы төбелесте қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

0

Қазақстан дүңгендер қоғамының мәліметі ішкі істер министрлігінің ақпаратымен сәйкес келеді — Қордайда сегіз адам қаза тапты

Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы Жамбыл облысының Қордау ауданындағы жаппай төбелес кезінде қаза болғандардың аты-жөнін жариялады.

1. Исыров Баху, 1988 жылы туған

2. Чонтей Абдула, 1986 жылы туған

3. Харсанов Рам

4. Ясыров Малик, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің қазақ тілі және информатика пәнінің мұғалімі

5. Шисыр Рахим

6. Хишанло Сулейман

7. Лохаш Лугмар ( Бұлан Батыр ауылы)

8. Киров Исхар (Бұлан Батыр ауылы)

«Жерлеуді ұйымдастыруға көмектесу бойынша өтініштер түсіп жатыр», — деп хабарлады Қазақстан дүңгендер қоғамының Алматы филиалы.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр» деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан. Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза болды. 40-тан астамы жарақат алды. Олардың ішінде оқ тиген екі полицей бар.

Жаппай төбелестің арты тәртіпсіздіктерге ұласқан. Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданды.

Ішкі істер министрлігі 47 адам ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

sputniknews.kz