Қазақстанда 9 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
46

Sputnik Қазақстан 9 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 10-22 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

9 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу бойынша Олимпиада алдындағы біліктілік турнирінің «Н» тобындағы кездесулер өткізіледі («Барыс Арена» мұз сарайы, Тұран даңғылы, 57).

13:00 – Нидерланды – Украина

17:00 – Қазақстан – Польша

12.00 – «Peter and the Wolf» симфониялық ертегісі қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

17.00 – «Сделано в Астане» атты Neon Winchester тобының үш жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады («Самал» шағын ауданы, 11, «The Friendly`s» клубы).

11 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
11.00 – Орталық Азия суретшілерінің «Ornamentum» атты көрмесі (Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants, Әл-Фараби даңғылы, 140А).

12 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
19.00 – –»Солодан квартетке дейін» концерті. Шара кезінде ХХ ғасыр композиторларының шығармалары орындалады. («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ
10.00 – Valentine’s Market жәрмеңкесі. Сатылымға экотауарлар, hand made бұйымдары, аспаздық өнімдер, экокосметика, сыйлықтар мен аксессуарлар, ойыншықтар мен кәдесыйлар, керамика мен декупаж өнімдері шығарылады. Көрме екі күнге созылады. (Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226).

ҚАРАҒАНДЫ
19.00 – «Жай кино емес» қысқаметражды фильмдердің байқауы. Шара кезінде Чувашия, Якутия, Татарстан мен Қазақстан кинематографистерінің жұмыстары көрсетіледі. Кіру тегін. (Қарағанды, Sary Arka cinema кинотеатры, Космонавтов көшесі, 1в. Байланыс телефондары +7 701 261 39 64, + 7 702 113 1064).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
11.00 – Бос орындардың қалалық жәрмеңкесі. Шара оқу орындарының түлектеріне және жұмыссыз жүрген жастарға арналған.  (Казақ бизнес және технологиялар университеті, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А. Байланыс телефоны: +7 778 951 22 79).

19.00 – Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші өтеді («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
18.30 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті ұйымдастырылады («Құрманғазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
19.00 – LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші болады. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы» және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
11.00 – Almaty Illustration Fair 2020  иллюстраторлар фестивалі (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz