Қордайдағы тәртіпсіздікке байланысты 120 қылмыстық іс қозғалды — Қазақстан жаңалықтары
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік пен кісі өлтіру фактісі бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметте өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осындай деректерді келтірді.
«Қазіргі уақытта кісі өлтіру фактілері бойынша 11 қылмыстық іс тергелуде — Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобының тергеуін бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, ҚІЖК-нің 201 — бабына сәйкес (қылмыстық іс жүргізу кодексі) алдын ала тергеу деректерін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылған, қамауда отырған адамдардың санын жария ете алмаймын», — деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, күдіктілер мен қамауда отырған адамдар бар. Әлі де жұмыс жүріп жатыр, оны бас прокуратураның арнайы прокурорлары тобы басқарады.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Масаншы ауылында жергілікті тұрғындар арасында топтық төбелес болғаны хабарланды. Жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде 185 адам зардап шегіп, 39 тұрғын үй мен 47 автокөлік өртенді.
stan.kz