Қордайдағы қақтығыс: қаза болғандардың саны артты
Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бірнеше адам ауруханада жатыр, кейбіреуінің жағдайы ауыр екені хабарланды
СОРТӨБЕ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 9 ақпан – Sputnik. Жамбыл ауданы Қордай ауданындағы оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Барлығы 11 адам көз жұмды, екеуі бүгін түнде ауруханада қайтыс болды, біреуінің кім екені анықталған жоқ», — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Сортөбедегі штаб өкілдері.
Бұған дейін 8 адам қаза болғаны туралы хабарланған еді.
Қордайдағы оқиға
7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр» деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.
Қордайдағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері
Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған.
Ішкі істер министрлігі 47 адам ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.
sputniknews.kz