«Балалар үшін қорқамыз». Журналистер Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жиналған халықты түсірді – Қазақстан жаңалықтары

0
47

8 ақпанда Аухатты шекара бекеті арқылы төрт мың қазақстандық Қырғызстан шекарасынан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Бұл бақылау-өткізу пункті Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан. Дәл осы жерде қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер орын алған болатын.

Сондай-ақ, журналистер шекарадағы адамдармен де тілдескен. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлады.

Тәртіпсіздіктердің басталуын өз көзімен көрген, куәгерлердің бірі Нұрлан Құдашбаев:

«Ауылдан шықтық, жолда кетіп бара жатқан біздің көлігімізді белгісіз ер адам тоқтатты. Шықтым, ол мені боқтап, көлікті тепкілей бастады. Мен де мәселенің мән жайын анықтау мақсатында қарап тұрмадым, ұрыса жөнелдім. Сол сәтте қолына балға ұстаған тағы екі еркек келіп жетті. Бізді ұрып-соғып, қан жоса қылды. Әкемді балғамен кеудесінен ұрды, ол 80 жаста»,-деп еске түсіреді ол.

Шекарадағы әйелдің бірі «Әркім өзінің өмірі үшін қорқады»,-дейді, ал тағы бір ер адам «Балаларды бір жерге тығып отыру керек, олар үшін қорқамыз»-,дейді.

ҚР премьер-министрі Бердібек Сапарбаев шекарада жиналған адамдарды тынышталуа

Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық ұрыс болған. Оқиға 8 адамның өмірін қиды. Қазір Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.

stan.kz