Қордайдағы дүнген-қазақ қақтығысы: Сотталушылар босатылды

0

Әскери сот Қордайдағы бүлікке қатысушыларға жазаны жеңілдетті. Төрт сотталушы үшін нақты мерзім үш жылдан төрт жылға дейін бостандықты шектеумен ауыстырылды.

Бұл туралы КТК арнасы хабаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Қордайдағы тәртіпсіздікке күдіктілердің соты қыркүйектің соңында өтті. Сотталушылар үкіммен келіспейтінін айтқан.

Олар үш жылдан сегіз жылға дейін жабылған тұғын. Бірақ адвокаттар апелляциялық шағым түсірді. Нәтижесінде жеті адамның төртеуі қамаудан босатылады. Оларға 100 сағат мәжбүрлі жұмыс тағайындалды. Сондай-ақ бақылауда болады. Тағы үшеуінің жазасы өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 11 адам қайтыс болып, 200-ге жуығы жарақат алды. 100-ден астам үй мен көлік өртенді.