Қордай ауданындағы өртенген ғимарат ішінен адам мәйіті табылды — Қазақстан жаңалықтары
Қордай ауданындағы Масанчи ауылында өртеніп кеткен адам денесінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: rus.azattyq.org сайтынан
Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Күлшманов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
«2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне, Қордай ауданының Масанчи ауылында, сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатырдың құлауы болған), тазарту кезінде, қираған үйінділердің астында адамның күйген денесі табылды. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр», — деп жазды ол.
Естеріңізге салайық, 7 ақпан күні Қордай аудаында жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. Салдарынан 10 адам қаза болғаны жайлы айтылған.
stan.kz