Масанчи ауылында бір адамның мәйіті табылды

0

Қордай ауданында үйінді астынан бір адамның денесі табылды, оның тәртіпсіздік салдарынан немесе басқа жағдайда қаза болғанын сараптама анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Масанчи ауылында сауда орталығының қираған ғимаратын тазарту жұмыстары кезінде үйіндінің астында бір адамның мәйіті табылды. 

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов хабарлады.

«2020 жылдың 11 ақпанында сағат 12:07-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығының ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған), тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан бір адамның күйген денесі табылды», — деді әкімнің кеңесшісі.

Бұл адамның кім екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Жедел алдын-алу шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан 10 адам қаза болды деп хабарланған еді. 



sputniknews.kz