Қонақ үйде халатпен жүрген Қуат Найман Байзақованың алдында қиналды (видео)

0
20590

Белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жақында «Портье: Мальчик на побегушках» атты фильмге түскен болатын. Спортшы осы фильмнің түсірілім барысындағы қызықтарынан үзінді ұсынды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Кинода Қуаттың сүйіктісінің рөлін атышулы блогер Айжан Байзақова сомдаған.

Спортшы Instagram парақшасында түсірілім кезінінен бір үзіндіні жариялады. Қонақ үйде кездейсоқ Айжан Байзақовамен кездесіп қалған ол бір сөзді қайталап, ойын еркін жеткізе алмайды. Қасындағы актерлер мен режиссерлер күлкіге қарық болған. Видеода белгілі актер Дәурен Серғазиннің отырғанын байқауға болады.

«Айжанды көріп тілің шайналып жатыр», «Халат пен туфлиді өлтіріпсің» деген пікірлер көптеп жазылған.