Қонаев маған :«Ең қиыны, өзің тәрбиелеген күшік сені қапқаны» деді — Тоқтар Әубәкіров

0

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Дінмұхамед Қонаевпен кездескенде өзіне не айтқанын жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбаймен сұхбаты барысында айтты.

Тоқтар Әубәкіров журналистің «Дінмұхамед Қонаев қандай адам еді?» деген сұрағына өз жауабын берді.  — Ол кісі маған өте ұнады. Адамгершілігі мол, тәрбиесі, мәдениеті көрініп тұр. Қазақстанды қатты ойлайтын кісі екен.

Бір айтқаны бар, ол енді ұнамайды мыналарға: «Осы өмірдегі ең қиыны, өзің тәрбиелеген күшік сені қапқаны» — деді. Оны маған айтты. Енді сенің жолың болмайды деді. Мұнда өкінішке орай сірә келдің деді. Мен айттым, мен өкінбеймін аға, мен қуаныштымын сізді көріп отырғаныма — дейді Тоқтар Әубәкіров.