Қонаев кеше және бүгін

0

1970 жылы іргесі қаланған кербез шаһардың өткені мен келешегі  төл жұртының алдында түрліше түрленді. Елу жылда ел жаңа демекші араға ширек ғасыр салып екінші тынысы ашылған бұл қала талай сүрлеуден сүрінбей өтті.

Мемлекет басышысының Жарлығымен Алматы облысының орталығы болып бекітілген қаланың атауы  шаһардың ірге тасының  қалауына сеп болған алып тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атымен аталады.

«Алматыға енді бір қанаттас қала салу өзінен-өзі сұранып тұр»,- деген Д. Қонаев осылайша, алғашқы ұйымдастыру жұмыстарын бастаған еді.

Өз заманының көсемі болған көреген басшының еккен дәнегі жемісін берді.
Кешегі маңғаз Қапшағайдың көркіне көрік қосылып-ақ тұр. Жарты жылдың ішінде өңірдің әлеуметтік бедері бір ретке келді. Бұл өз кезегінде өңірлік саясаттың ұстанған дұрыс бағдарының көрінісі.

Көң тарихына екі кезеңді сыйғыза алған Қонаевтың ендігі тұрпаты өзіне тән салтанатымен ерекшеленбек.

Видео авторы: Марат Толкунов

фото:zanmedia.kz