Министр пәтердің қымбаттауы жайлы: мемлекеттің кінәсін көріп тұрған жоқпын

0
Әділет министрі Қанат Мусин жалға берілетін пәтерлердің қымбаттауына байланысты жаппай наразылыққа шығуға ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.
«Үкімет арендалық тұрғын үй нарығындағы дүрбелеңге байланысты қазақстандықтар митингке шығады деп қорықпай ма? Өйткені қаңтар оқиғассы кезінде халық жалақының төмендігі мен қымбатшылыққа шағымданды ғой», — деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.
Қанат Мусин азаматтардың митингке шығуына еш негіз көріп тұрмағанын айтты.
«Мен жаппай наразылыққа негіз көріп тұрған жоқпын. Біріншіден, әр нәрсені өз атымен атайық. Баға мен аренда ақысын едәуір өсіріп отырған мемлекет емес, қазақстандықтардың өздері. Сол себепті не үшін наразылыққа шығады? Басқа қазақстандықтардың әрекетіне қарсы ма? Мен бұл жерде мемлекеттің кінәсін көріп тұрған жоқпын», — деді Мусин кулуарда.