Home Жаңалықтар Қомақты пара алған: Атырауда облыстық басқарма басшысы қамауға алынды

Қомақты пара алған: Атырауда облыстық басқарма басшысы қамауға алынды

0
888

Атырауда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы, 367-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 2 және 4-тармақтарымен қылмыстық істі тергеуде. Ол 2020-2021 жылдары аралығында ЖШС директорынан шетелдік жұмыс күшіне рұқсат беруге көмектескені үшін пара алған. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады өңірлік департаменттің баспасөз қызметінен.

Уақытша ұстау изоляторына қамалған шенеуніктің аты-жөні – Серік Хамидолла. Ол 2019 жылғы 4 ақпанда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған еді.