«Қолыңыздан келмесе, отставкаға кетіңіз!» — Айгүл Орынбек Білім министрін сынады

0
1501

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек мектеп оқушыларының орамал тағуына қарсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Дамыған елдер ғылымға, өркениетке ұмтылса, біз шүберектен әріге аса алмай отырмыз! «Балаларға кәмелет жасына жетпей ата-анасы өз наным-сенімдерін тықпалап, мәжбүрлеуге болмайды» деген заңды енгізу керек! Әр бала кәмелет жасқа толғанда ғана бұл мәселені өзі шешуі керек! Асхат Аймағамбетов мырза, балалардың киімімен емес, ең алдымен, білімімен айналысқаныңыз жөн! Қолыңыздан келмей ме, отставкаға кете салыңыз»,– деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесінің қаралуы мүмкін екенін айтқан болатын.