«Қолынан ұстап, жібермей қойды»: Ерке Есмахан тойда қызықты жағдайға тап болды (видео)

0

Желіде Ерке Есмаханның видеосы тарап, елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесі кезекті тойда қызықты жағдайға тап болған. Әртістің жанкүйері ол өнер көрсеткенде қолынан ұстап, жібермей қойған, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Ерке Есмаханның видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жариялағанған. Онда әншінің мерекелік шарада өнер көрсетіп тұрғанын көруге болады. Бір кезде эстрада жұлдызының қасына жанкүйері келіп, онымен суретке түседі. Алайда артынан ер адам оны қолынан ұстап, жібермей қояды. Бұл жайтты байқап қалған өзге той қонағы оны ертіп алып кетеді. Белгілі болғандай аталмыш видеоны Ерке Есмаханның директоры бөліскен. «Ағам Еркенің қолынан ұстап, жібергісі келмейді. Әйелі сөйлеп-сөйлеп алып кетті ғой. Осындай қызықты сәттер көп болып тұрады», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әртістің бейнежазбасын қызу талқылап, өз пікірдерін білдірді. «Ән айтқызбады ғой», «Қызық аға екен», «Ерке қандай қарапайым. Бетін қайтармай, жасын сыйлап тұр», «Қатырды. Әйелінен ұрыс естіген шығар», «Қолынан ұстап, жібермей қойғаны қызық болды», — деп жазды олар.