Қоянбаев Қазақстан туын елдегі ең биік ғимаратқа көтерді

0

КВН-нің танымал ойыншысы, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай видео жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоянбаев видео үшін Қазақстан туын көтеріп, елдегі ең биік ғимарат — «Абу-Даби Плаза» кешенінің Qazaqstan мұнарасына шықты.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанда тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгілік қалады.

Бұған дейін Нұрлан Қоянбаев туға қатысты флешмоб ұйымдастырып, Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын.