Қызылордада 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдум учаскесіне ең бірінші болып дауыс берді

0

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум учаскесіне ең бірінші болып дауыс беріп, бүгінгі тарихи күнге сәттілік тілеп, батасын берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Яхия ақсақалға бірінші келуші ретінде сыйлық табысталып, иығына шапан жабылды.