Қоғамдық орында бетперде тақпай жүрген Өскемен әкімі айыппұл төледі

0

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл төледі. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қала әкімінің көпшілік ортада бетперде тақпай жүруіне байланысты оқиға заңнама аясында шешілді. 

Өткен аптада заңбұзушылық туралы тиісті хаттама жасалғаннан кейін қала әкімі белгіленген айыппұлды төледі», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл төледі.