Қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай коронавируспен ауырып қалды
Белгілі меценат, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай өзінің Фейсбук желісінде коронавируспен ауырып қалғанын, кешегі оқиғалар кезінде көптеген адамдармен кездескенін, соның салдарынан індет жұқтырғанын жазды деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
«Мен ковид-19 бойынша тапсырған тесттен оң нәтиже алдым. Нәтиже дұрыстығына көз жеткізу үшін тестті екі мәрте тапсырдым. Қап деп отырмын, қазір ауыратын кез емес еді. Бірақ, бір жағынан, әр нәрсенің өз қайыры бар ғой деп қоямын.
Мен вирусты қайғылы оқиғалар кезінде жұқтырдым деп күдіктенемін. Екі жылдық пандемия кезінде әртүрлі елдерде мыңдаған адамдардың алдында сөйледім, суретке де түстім, бәрімен қол алыстым, ештеңе болмаған еді. Дәл осы кезде жұқтырып отырғаным-ай.
Осы оқиғалар кезінде мен көптеген адамдармен кездескен едім, өзін-өзі қорғау штабын, отрядтарын ұйымдастырдым, үйге де біршама адам келді. Қысқасы, жұқтырдым.
Енді менің Килиманжароға көтерілуім бұл жолы арман боп қалды. Мен шыңды бағындыруға барынша дайындалдым, жаттығып, салмақ тастадым. Жарайды енді!
Мен Алла жіберген барлық сынақтарды шынайы ризашылықпен қабылдауды үйрендім! Сондықтан әр нәрсенің өз қайыры барына сенемін. Өз режимім мен жұмыс кестемді шұғыл қайта құрамын. Ең бастысы — тез арада жағдайға бейімделу, шындықты қабылдау, басымдықтарды өзгерту және жаңа жағдайға сәйкес әрекет ету. Енді менің басты мақсатым — емделу. Бұл мақсатыма кедергі келтіретін нәрсенің бәрін ысырып қоймақпын.
P.S. Дәрігердің айтуынша, омикронды байланысқа түскендердің барлығы 100% жұқтырады. Бірақ жақсы жаңалық та бар — бұл соншалықты қатерлі емес», — деп жазды ол парақшасында.