ҰҚК қызметкерінің әңгімесі Қазақстан Халифаты. Назарбаев террористермен қалай келісті?

0

Мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерімін. Мен салафизм, вахабизм ағымындағы дін ұстанушылар арасында мемлекет тарапына ұлттың қауіпсіздігі үшін қызмет атқарып, өз міндетімді адал орындап шыққан адаммын. Жеке басымның қауіпсіздігі үшін қай департаментте, қай жылдары, қай өңірде, кімнің жетекшілігімен қызмет атқарғанымды құпия сақтауды шештім. Қазіргі уақытта М.Тазабековтің «Тәлім тренд» бағдарламасы және оның ақидасын тану мәселесі төңірегіндегі дауға, сол ағымның ішінде болған адам ретінде бірнеше фактілерді келтіре отырып, мағлұмат беруді жөн көріп отырмын. Алайда бұл толық ақпараттар емес. Қоғам қабылдауына қарай алдағы уақытта өз қызметімдегі мәлеміттер мен нақты деректерді ұсынатын боламын. Тазабековтың ақида тануы вахабизм ағымындағылардың саяси қадамы екені айтпаса да түсінікті. Бірақ, бұл қадам Қазақстан билігін үлкен саяси дағдарысқа апаратынын кейбір мемелкеттік жетекшілердің әлі жете түсінбей, вахабизмге қарсы нақты қадам жасауға қорқып отырғаны өкінішті. Қорқатын себебі, Қазақстандағы вахабизмнің негізі Назарбаевтар семьясымен тікелей байланысты. Алғашқы саяси әлеуметтік қадам Бекболат Тілеухан жетекшілік еткен «Халифа Алтай» қорының Қайрат Сатыпалды арқылы қоғамдық жұмыстарын заңдастырудан басталған. Сауд Арабиясынан келген қаржы мен Астана қаласындағы ғимараттарды салуға тартылған млрд-таған доллар инвестициялар Нұрсұлтан Назарбаевты сатып алды десе де болады. Млрд-даған қаржы мен Қазақстандағы ықпалды адамдардың вахабизмді қолдауы шет елдегі террористік лагерлеге адам жіберуді ұйымдастыратын ең құпия «Қазақстан Тваиба лашкері» ұйымының Қазақстанда емін еркін жұмыс жүргізуіне жол ашты. Октам Заурбеков, Ділмұрат, Назратулла, Дарын Мубаровтар осы ұйым тапсырмасымен уағыз жүргізіп, сенімді шет елдік ұстазадарға қазақстандықтарды байланыстырып беріп отырды. Олар Вазиристан, Ауғанстан лагерлерінде жаттығудан өтіп, имандарын күшейтіп, Сирияға жіберілді. Осы жұмыстарды ұйымдастыруда Дарын Мубаров, ағайынды Смановтар және Мұхамеджан Тазабековтің тікелей қатысы бар. Қайрат Сатыпалды мен Бекболат Тілеуханов Қазақстандағы таухидтің таралуына барлық жағдай жасады.
Ең қорқынышты факт, Мұхамеджан Тазабеков, Дарын Мубаров, Бекболат Тілеухан, ағайынды Смановтар 2000 жылдардың басындағы сериялық террактілер оқиғасына тікелей қатысты. Және «Қазақстан тваиба ләшкері» ұйымының белсенді мүшелері. Сондықтан қанша жарылысты ұйымдастырса да саляфизм ағымына заңды түрде тыйым салынбай келеді және Назарбаевтардың панасындағы негізгі көсемдері жазадан құтылып кетті. Дарын Мубаров пен Мухамдежан Тазабековтың 2000 жылдардың басынан бергі жұмыстарына тергеу жүргізілсе, Бекболат Тілеухан, Қайрат Сатыпалдылардың барлық құпиялары ашылады. Сол кезде ешқайсысы да қылмыстық жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды. Қазақстандағы барлық террорлық актілердің артында осы лауазымды, беделді, қоғамдық тұлғалар тұрды. Аталған ұйымның енді негізгі жұмысы — заңды түрде саяси партиялар және БАҚ арқылы Қазақстанда өз жұмыстарын жүргізу.
2005 жылы экстремизмге қарсы заң шеңберінде имамдарға жаппай сынақ тест өткізіліп, саляфизмді қолдамайтын кейбір сауатты имамдарды білімі жетпейді деген сылтаумен ҚМДБ саласынан алыстатып жіберді. Қызметінен айырылып қалудан қорыққан имамдар Қайрат Сатыпалды жіберген дін саласын бақылайтын ҰҚК оперлерінің және Қайрат Сатыпалдының өкілінің айтқан барлық тапсырмасын орындауға мәжбүр болды. Содан бері Қазақстандағы Басты Діни басқарма ҚМДБ саляфиттердің ықпалында келеді. Асыл арнаның ақидасына қатысты бір де бір имамның талдау жасай алмағаны сондықтан. Муфти деген номиналды рөл атқарушы, қуыршаққа айналды. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі Наурызбай қажы Тағанұлы мәжіліс төрағасы Н.Нығматуллин арқылы керекті адамдармен танысып, Тазабековтің қолдауымен Сатыпалдының сеніміне кірген. Салафизм бағытын жасырын қолдаушы. Дін істері агенттігіндегі қызметінде ҰҚК-ге анықтама жазып отырды. Қазіргі уақытта саляфиттердің пайдасына діни реформа жасауға талпынушы ретінде өзін көрсетеді. Соның бір мысалы ретінде Тазабековтың ақидасын ауыстыру процесі. Өте сәтсіз жасалған бұл өтірікке Қазақстан мұсылман жамағатынан ешкім сенген жоқ деп ойлаймын. Себебі салафиттердің сенімді адамдарына хабар алдын ала таратылады. Билік өкілдерінің ашық қолдауына ие болғысы келген Тазабековтың бұл қитұрқылығы Қазақстан телеарнасынан эфир уақытын алып берді. Бұл вахабизм ұйымы мүшелерінің тек бір ғана жоспары…
Егер ерінбей оқып шығамын десеңіз төменде вахабизм хронологиясын ұсындым.

Срнымен…
1990 жылдардың аяғында Қазақстан қоғамына бұрын бейтаныс болған террорист, экстремист ұғымдарын алғаш «Хизбут Тахрир» ұйымы әкелді. 2003 жылы Ғани Байсалбаев деген «хизбутшының» телекоммуникациялар орталығаның алдында қатаң діни талаптар қоюы аталған діни секта мүшелерінің жаппай ұсталып, қамалуына, соңынан экстремистік ұйым ретінде тыйым салынуына әсер етті. ҰҚК,ІІМ, прокуратура тергеушілірінің бұл салада тәжірибе аздығанан Байсалбаев 4 жылға ғана сотталды да экстремизм тақырыбы терең зерттелмеді. Өзгеде вахабизмнің тармақтары болған діни секталардың жұмыстарына тосқауыл қойылмады. Экстремистерді анықтау, ажырату қарапайым тергеушіге өте қиын еді. Бір жағынан діни жамағаттардың артында қолдаушы ықпалды топтар болды. Мәселен, ағайынды Смановтардың экстремистік бағытта мешіт-медресесін Назарбаевтар әулеті қолдады. ҰҚК қызметкерлері алғаш 1994 жылы вахабилік бағыттағы бұл медресені жауып тастаған. Оңтүстік Қазақстан Облысының 1993-1997 жылдар аралығындағы әкімі Зауытбек Тұрысбеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті жапқан медресені 1994 жылы қайта аштырып береді. Осы жерде қатты мән беретін мәселе, Тұрысбеков осы медресені аштырарда ОҚО бойынша ҰҚК департаменті басшысына бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырамасы деп ешбір сот, тергеусіз аштырған. Бұл оқиғаны Әбдіжаппар Сманов 2019 жылы Сарығашта Қайрат Сатыпалдының жаңа медресесін ашу барысында ілтипатпен еске ала мойындады. Назарбаевтар вахабиттік көзқарастағы Смановтардың медресесін 2005 жылы да құтқарып қалды. Бұл жолы ҰҚК департаментіне Назарбаевтың немере інісі ҰҚК генералы вахабиттік көзқарасын ашық білдіретін, сол медресені осы күнге дейін қолдап, өзі млн доллар ақша салып кеңейтіп берген Қайрат Сатыпалды қайтадан ашты. Арнайы Шымкентке ұшып келіп: «бұл — Назарбаевтың медресесі, Назарбаевқа қарсысың ба?», деген бір сұрақпен облыстық ҰҚК департаменті басшысын тығырыққа тіреген. Қайрат Сатыпалдының астыртын қолдауының арқасында медреселердің ашылғаны былай тұрсын, терроризмді ашық насихаттаған Мубаров сынды ұстаздар Қайрат Сатыпалдының арқасында әлі де емін еркін уағызын ашық насихаттап келеді.
Қайрат Сатыпалды 2000 жылдардың ортасында ұлттық қозғалыс құрып, вахабизмді барынша таратуды қолға алып, өзі Қазақстандағы жаңа діннің рухани көсемі болғысы келген. Алайда, тек Қайрат Сатыпалдының ғана ықпалы аз болып, Сауд Арабиясымен тікелей байланыстағы Б.Тілеухан мен М.Тазабеков Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, жоғарғы жақтағы танымал шенеуніктерге «вербовканы» бастайды. Қайрат Сатыпалды мен Бекболат Тілеуханның діни белсенділігін басында аса жақтыра қоймаған бұрынғы коммунист Назарбаевтың кейін араб елдерінен келген млрд-таған инвестициялар үшін салафизмге әлі күнге дейін тыйым салмады. Бүгінгі таңда Назарбаев вахабизмді ашық қолдаушы. Вахабизмнің отаны Сауд Арабиясында белгілі қызметтер атқарған саляфи шейхтары Қазақстан билігіні ақша үшін қандай да сатқындыққа дайын екенін білгеннен кейін, саляфизмді Орталық Азияға Қазақстан арқылы ендірудің жан жақты жоспарын жүзеге асырды. Соның ішінде ең құпия қызмет атқарған «Қазақстан твиба ләшкері» ұйымы. Аталған ұйым өте құпия түрде әбден «иманы күшейген» адамдарды Вазиристан, Ауғанстан лагерлеріне кейін Сирияға жіберумен айналысты. Октам Заурбеков, Ділмұрат, Назратулла, Дарын Мубаров секілді ұстаздар осы ұйымның негізгі уағызшылары болды. Қазақстаннан шет елге жиһадқа кеткендерді осылар дайындап отырды. Осы ұйым арқылы террористерге тапсырма беріліп, өзін жарып жібергендер жәннәт сендердікі деген пәтуә осы ұстаздардың ауызымен берілді. Мен солардың ішінде болдым, ол пәтуә шет ел шейхтары арқылы тек сенімді адамдарға ғана берілді.

Террористерге Назарбаевтар әулетінің қандай қатысы бар?

Дарын Мубаров, Мұхамеджан Тазабековтарды Сауд Арабиясымен байланыстырып жүрген өкіл арқылы Назарбаевтар әулетіне ақша құйыла бастады. Сауд корольдігі және басқа да Катар, Кувейт секілді елдерден Астана қаласын салуға келген млрд-таған инвестициялардан бөлек Назарбаевтар әулетіне де қаржы млрд-тап құйыла бастады. Қайрат Сатыпалды «аль Баракат»,» Халифа Алтай» секілді қорлар арқылы бұл ақшаны заңдастырып салафизмді таратуға жұмсады. Бұл үлкен масштабтағы жұмыстар. Кішігірім ұйымдарда қарапайым адамдардың қатарға тартылуына 2000 жылдардың ортасынан бастап 80-100 мың теңге аралығында ақша төленіп отырды. Ерік Суанқұлов, Ш.Мырзабеков секілді саляфизмді қаржыландырушы Қазақстан азаматтары да болды. Бірақ, Бекболаттың Тілеуханың Жаңарқады, Қ. Сатыпалдының Астана қаласы Шұбар шағын ауданындағы мешіті секілді саляфиттердің жиналатын ошақтары Арабтардың ақшасына салынды. Сирияға адам жіберуге осы мешіттерде жиі уағыз айтатын Мубаровтың тікелей әсері болды. Мубаров менің ұстазым дейтін Тілеухан, Сатыпалды, Тазабековтер жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізіп отыр. Қазақстан билігінің барлық саласына өз адамдарын қою негізгі мақсаттары болды. Бүгінгі таңда олар бұл жоспарларын 100 пайызға орындады. Себебі Н.Назарбаевтың өзі вахабизмді қолдаушы. Тазабековтің мәжіліс төрағасы Н. Нығматуллин, Сенат төрағасы М. Әшімбаевтармен кездесуі тек бергі жақтағы көрініс, қоғамға сес көрсету. Ал сахнаның ар жағында барлық әкімдер, үкім басындағы, құқық қорғау саласының басшыларының ешбірі де Қ.Сатыпалды жетекшілік ететін бұл ұйымға қарсы келе алмайды. Қолдау көрсетуге келгенде алдына жан салмайтындары да бар. Қазақстан билігінің радикалдану процессі өте жылдамдықпен дамып келеді. Саляфиттер өсірген Әсет Исекешов секілді ірі шенеуніктер мен Әбіқаевтың кезінде Самат Әбішпен қатар ҰҚК орынбасары қызметіне тағайындалған Білісбеков секілді генералдар әр салаға өз адамдарын отырғызып, Қазақстандағы саяси әлеуметтік салаларды қатаң бақылап отыр.

Смановтардың шәкірттері Сирияға қалай кетті?

Сонымен «Қазақстан тваиба ләшкері» ұйымы арқылы Қазақстан азаматтарын шеттелдегі соғыс ошақтарына жолдаған Сманов, Мубаров, Тазабековтар және жоғарыда аты аталған ұстаздардың Қазақстандағы шәкіттерінің Сауд Корольдігінен келген ақшаны ақтау үшін жасаған жұмыстарының бірқатарын тізе кетейін. Бұлардың ешқайсысы да өз бетімен жарылыс немесе шабуыл жасаған жоқ. Барлығы да тапсырмамен орындалды. Ең өкініштісі, шет елдіктердің айдап салуымен қазақ ұлтының жігіттері өз отандасы қазақ ұлтына шабуыл жасап, өлтірді. Ақида, тухид, тура жол деген сылтаутаулармен қазақтар қазақтарды өлтірді. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған шабуыл арқылы мемлекеттік құрылымға және жүйеге соққы беру олардыңбасты мақсаты болды. Қазақстанда қаңтар айында өтетін сайлауда сайланғалы отырған депутаттар ең бірінші дін туралы заң қатаң талаптар қоймаса, одан сайланбағаны жақсы. Қазіргі биліктің жүйесін ұзартуға халықты тағы да кем дегенде бес жылға алдайды. Бұл уақытта салафиттер билікке деген дайындығын толығымен аяқтайды.

2000 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында төрт саляфит полицелерді атып өлтіреді.
2005 жылы Балқаш қаласында түрмедегі 16 саляфит жабылып бір полицейді өлтіреді. Оларды ұстамақ болғанда кислород баллонын жарып, өздері де өледі. Осыдан кейін ғана Қазақстан заң саласы діни бірлестіктердің қызметі туралы алғаш заңды қабылдайды. Алайда жарылысты ұйымдастырушы «ләшкерліктер» тағы көрінбей қалды да жазадан оңай құтылып кетті.
2011 жылы Бішкекте жарылыс жасамақ болып атыста өлген Советбек Исламов Смановтармен тікелей байланыста болған. Сол оқиғада 11 адам ұсталған, оның үшеуі қазақстандықтар. Смановтар медресесінің шәкірттері және шәкірттерінің шәкірттері болған. Алайда БАҚ құралдарында оларды Саид Бурятскийдің ізбасарлары етіп көрсетті.
2011 жылы 25 ақпанда Ақтөбе қаласындағы СИЗО да жарылыс болып, терроистік акт жасамақ болған бірнеше күдікті ұсталды.
2011 жылы 14 наурыз күні Алматы қаласының іргесіндегі Есік қаласында жарылыс болып, екі адам өліп, бір адам ауыр жараланды.
2011 жылы 4 сәуірде Алматыдағы бір пәтерге жасырылған үш саляфитпен соғыс болып, екеуі өлтіріліп, біреуі тірідей қолға түсті.
2011 жылы 17 мамыр күні бір саляфит Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауласына кіріп өзін жарып жіберді. Жарылыстан төрт адам жараланды.
2011 жылы мамырдың 24-де Астанадағы ҰҚК СИЗО-сының алдында бомба қойылған машина жарылды.
2011 жылы Ақтөбе облысы Шұбарши ауылында саляфиттер бір саляфитті тұтқындағаны үшін екі полицейді атып тастады. Ізіне түскен полицейлер қоршауда қалып бір спецназ солдаты өлтірілді. Қазақстан үкіметі шұғыл шешім қабылдап әскери жасақ түсіріп, Кеңқияқ ауылында соғыста 9 саляфит өлтірілді.
2011 жылы 23 жастағы Атырау тұрғыны Бауыржан Сұлтанғалиев
Атырау қалалық әкімдігі мен прокуратурасы жанында екі жарылыс жасап, соңында өзін жарып жібереді.
2011 жылы осы оқиғадан бір аптадан кейін саляфиттер Алматыда екі полицейді атып тастайды. Екі полицейді қалай өлтіргенін видеоға түсірген саляфиттер оны шет елдегі ұстаздары мен демеушілеріне көрсету үшін жариялады.
Атыраудағы, Алматыдағы жарылыстарды «Халифат Әскері» деген ұйым мойынан алды. ХАЛИФАТ ӘСКЕРІ ұйымы 2011 жылы Ринат Хабидолла , Урынбасар Мунатов және Дамир Зналиевтердің ұйымдастыруымен құрылды. Атлаған ұйым да «Қазақстан тваиба ләшкері» құпия ұйымынан тапсырма, қаражат алып отырды. 2011 жылы қазан айында олар үш рет билікке қатаң талап қойып, жиһад жасауға дайын екендерін видео арқылы жолдады. Бұл да шет елден берілген тапсырма болды.
2011 жылы 8 қараша күні бір топ саляфит Алматы облысында тағы екі полицейді атып тастап, жарылыс жасамақ болады. Іле ауданы Боралдай ауылында жер үйде жасырылған жерлерінен ұсталады. Ұстау барысында атыс болып ҰҚК «Арыстан» жасағаның екі сарбазы өліп, бес саляфит өлтіріледі.
2011 жылы Тараз қаласында Мақсат Кариев есімді саляфит ҰҚК нің екі қызметкерін атып тастайды. Қашып құтылуға әрекет еткен ол күзет қызметшілерін тонап қаруланып бірнеше полицейді жаралайды. Ол ұсталатын кезінде өзін жарып жібереді. Сол кезде полиция капитаны Ғазиз Байтасов террористі денесімен жауып, өзі де бірге жарылады. 2020 жылы шыққан «Тәлім трендтің» алғашқы хабарында осы оқиғаның қозғалуы бекер емес. М.Тазабеков Ғазиз Байтасовтың баласын хабарға шақырып, осы жарылыстың артында өздері болғаны үшін қоғам алдында ақталуға тырысып, терроризмді «айыптайтынын», салафизмнен бас тартқанын көрсетеді.
2012 жылы 21 маусым күні Алматыда үш саляфит таксиске шабуыл жасайды. Көмекке келген полицей сол жерде өлтіріледі. Қашып құтылғысы келгендермен екі күннен кейін жасырынған жерінде атыс болып, екі полицей жараланып екі саляфит өлтіріледі.
2012 жылы 17 тамыз күні Алматы шетіндегі саяжайлардың бірінде саляфиттердің жасырын ұйымы анықталып террорлық акті болмай қалады.
2012 жылы 5 қыркүйекте Атырау қаласында 1991 жылғы жігіт өзін жарып жібереді. Тергеу барысында үйінен үш бомба табылып,онымен байланыста болған 4 салафит ұсталады.
2012 жылы 14 қыркүйекте сол Атырау облысы Құлсары қаласында саляфиттер жасырылған үйде атыс болып, бес саляфит өлтіреледі, бір арнайы жасақ сарбазы жараланады.
2016 жылы Ақтөбеде қару жарақ дүкенін тонап қаруланған бір топ саляфит әскери бөлімшеге шабуыл жасайды. Саляфиттердің қолынан жеті адам өледі. Оның үшеуі сарбаздар. 18 саляфит өлтіріліп, 9-ы қолға түседі.
2016 жылы 25 маусымда қарағанды қаласында жарылыс жасамақ болған алты саляфит ұсталып, біреуі өзін жарып жібереді.
Дәл осы жылы жазда 18 шілде күні Алматы қаласында Күлекбаев 10 адамды өлтіріп, 6 адамның өміріне қауіп төндіреді. Ол ҚР қылмыстық кодексінің 47-бабы бойынша адам өлген террорлық акт үшін өмір бақи бас бостандығынан айырылды. Бұл Қазақстандағы барлық террорлық актілердің хронологиясы емес. Алайда, осы оқиғалар желісі арқылы ең қауіпті шет елден қаржыландырылып, тапсырма беріліп келген «Қазақстан тваиба ләшкері» ұйымының қаншалықты қатерлі болғанын көрстеу мақаланың мақсаты. Ең қорқынышты факт, Мұхамеджан Тазабеков, Дарын Мубаров, Бекболат Тілеухан, ағайынды Смановтар 2000 жылдардың басындағы сериялық террактілер оқиғасына тікелей қатысты және «Қазақстан тваиба ләшкері» ұйымының белсенді мүшелері. Сондықтан қанша жарылысты ұйымдастырса да саляфизм ағымына заңды түрде тыйым салынбай Назарбаевтардың панасындағы негізгі көсемдері жазадан құтылып келеді. Дарын Мубаров пен Мұхамеджан Тазабековтың 2000 жылдардың басынан бергі жұмыстарына тергеу жүргізілсе, Бекболат Тілеухан, Қайрат Сатыпалдылардың барлық былықтары ашылады. Сол кезде ешқайсысы да Қылмыстық жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды. Қазақстандағы барлық террорлық актілердің артында осы лауазымды, беделді, қоғамдық тұлғалар тұрды. Аталған ұйымның енді негізгі жұмысы заңды түрде саяси партиялар және БАҚ арқылы Қазақстанда өз жұмыстарын жүргізу.

Әлеуметтік желіден алынды!