ҚХР төрағасы Си Цзиньпин: Байден, отпен ойнамаңыз, өзіңіз өртеніп кетесіз!
Бейсенбі, 28 шілдеде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті.
Қытайдың Мемлекеттік үкіметтік ақпарат агенттігі Синьхуа хабарлағандай, қос ел басшысы қытай-американдық қатынастар мен басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, әңгіме Тайвань туралы болды. Си Цзиньпин Қытайдың Тайвань мәселесіндегі түбегейлі ұстанымын атап өтіп, ҚХР Тайваньның Тәуелсіздігіне және оған көмек беретін сыртқы күштерге қарсы екенін айтты.
ҚХР Төрағасы Байденге 1,4 миллиардтан астам қытайлар Қытайдың ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қорғауға ниетті екені де жеткізді.
“Қоғамдық пікірді бұзуға болмайды. Байден, отпен ойнамаңыз, өзіңіз өртеніп кетесіз”, — деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 1 тамыздан кейін Тайваньға баруға ниетті екенін жеткізген. Пелоси, егер расымен іс-сапарлатып келетін болса, ол 25 жыл ішінде елге келген АҚШ-тың ең жоғары дәрежелі саясаткері саналмақ.
Бірақ егер Пелоси Тайваньға баратын болса, Қытай бұл әрекетке арнайы шаралармен жауап бермек.
Ақпарат: lenta.ru