«Хайп жасайтындарды жек көремін»: Айсәуле Бақытбек әкесінің бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді

0
438

Белгілі блогер Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді. Желі жұлдызы мұндай жағдайдан хайп жасайтын адамдарды ұнатпайтынын жеткізді, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Айта кетейік, күні кеше Бақытбек Есентаев бостандыққа шықты. 9 жылға сотталған ол мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берді. Сот Есентаевтың тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескере отырып, оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бақытбек Есентаевты қарындасы мен жақын достары күтіп алды. Алайда айтулы күні қыздары Айсәуле мен Айару бой көрсеткен жоқ. Бұл орайда желі қолданушылары Айсәулені әкесінің босап шығуымен құттықтап, оны сұрақтың астына алды. Олар блогерден әкесі жайлы неге жазба жарияламай жатқанын сұрады.

«Не үшін жазайын? Бейтаныс әрі бөтен адамдардың қызығушылығын басу үшін бе? Әлде сіз «о, бұл сондай жақсы қыз» деп ойлап, менің өмірімнің мінсіз емес екеніне рахаттансын деп пе? Әлде не үшін? Осындай нәрседен хайп жасайтын адамдарды жек көремін. Құдай ондай болудан сақтасын, рахмет», — деді Айсәуле.