Қазпошта Ақтөбе қаласында «Батыс» логистикалық орталығын ашты
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, «Қазпошта» АҚ тәуекелдер мен сәйкестік бойынша басқарушы директоры Нұрқанат Нұракинов, «Қазпошта» АҚ пошта қызметтері жөніндегі атқарушы директоры Сәуле Егембердиева, «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Серік Берденов қатысты.
Ақтөбеде ірі пошта хабы ашылды, оған Беларусь, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстаннан келетін сәлемдемелер, сондай-ақ ТМД елдерінен Қытайға жөнелтімдер және жергілікті жөнелтімдер жеткізілетін болады. Олар хабтың аумағында кедендік бақылаудан және сұрыптаудан өтеді. Бұл сәлемдемелерді жеткізу уақытын бірнеше күнге азайтуға көмектеседі.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 хаб іске қосылды: Алматыда және Астанада, бұған дейін сәлемдемелердің көпшілігі Алматының сұрыптау орталығына жеткізілді, енді Еуропа және ТМД елдерінен жөнелтімдер Ақтөбеде сұрыпталады және кедендік бақылаудан өтеді. Бұл сәлемдемелерді сатып алушыларға жеткізу уақытын 6 күнге дейін қысқартуға мүмкіншілік беріп, Алматыдағы логистикалық орталыққа жүктемені азайтып, пошталық айырбастаудың тағы бір транзиттік нүктесін алып тастайды», — деді «Қазпошта» АҚ пошта қызметтері жөніндегі атқарушы директоры Сауле Егембердиева.
Егер бұрын Ақтөбеде күніне 6000-ға жуық жөнелтімдер өңделсе, логистикалық орталығының ашылуымен, өңделген пошта көлемі тәулігіне 20-25 мыңға дейін өседі.
Жаңадан ашылған логистикалық және сұрыптау орталығының жалпы аумағы 3500 ш.м.және кедендік бақылау мен тексеру аймақтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, хабта жылына 160 мыңға жуық сәлемделерді өңдеуге дайын фулфилмент орталығы орналысқан. Орталық интернет-дүкендерге тапсырысты қабылдау, сақтау, өңдеу және сәлемдемелерді жеткізу секілді бірқатар қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар, интернет-дүкендер тауарларды фулфилмент орталығында орналастыру арқасында логистика, тауарларға арналған қоймаларды, персоналды жалдау және басқа да шығындарды барынша азайтады, сәлемдемелерді жеткізу уақытын қысқартады.
Фулфилмент орталығының қызметтерімен қатар, «Қазпошта» өз клиенттеріне толықтай қаржы инфрақұрылымын (жеке өңдеу қызметтері, төлем құралдары) ұсынады.