Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 08:02 213

Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат — Жұма күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараты бар ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

«Жұма, 21 желтоқсан күні сағат 6.20-да (мәскеу уақытымен 03 сағат 20 минут) Байқоңыр ғарыш айлағынан (Қазақстан) Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіндегі ғарыш аппараты бар ауыр санаттағы «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды», — делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Протон-М» зымыран тасығышының басты бөлігінің үшінші сатыдан ажырауы штаттық режімде өтті.

Ғарыш аппаратын «Бриз-М» үдеткіш блогымен орбитаға шығару процесі бірнеше сағатқа созылады.

 

Фото: Сергей Савостьянов/ТАСС

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz