Home Жаңалықтар «Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді

«Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді

0
50

22 мамыр мен 7 маусым аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында қатаң шектеу шаралары, кіріп-шығуға шектеулер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. 18-20 мамыр аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы телеарналардның 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ке тексерілді. «Еуразия» арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды.

«Олар стационарда жатыр. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. Арна басшылығы қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру қажет», – деп жазылған қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Сонымен қоса 22 мамыр мен 7 маусым аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында қатаң шектеу шаралары, кіріп-шығуға шектеулер енгізілді.

Барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет екені ескертілді. Медициналық масқа киіп, қолды антисептикпен өңдеу, адамдармен арақашықтықты сақтау маңызды. Дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үйде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек.



sputniknews.kz