Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлап жүкті еткен жігіт отбасылы азамат болып шықты – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысы Райымбе ауданының тумасы, Қызғалдақ есімді ару 14 жасында зорланғанын ел данда айтып, көмек сұрады. Кәмілетке толған ол баланың әкесінен алимент өндіруді талап етеді. 

Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлап жүкті еткен жігіт отбасылы азамат болып шықты

Бұл туралы «Кел, татуласайық» бағдарламасында айтылды.

Бұл оқиға 4 жыл бұрын болған. Қызғалдақтың айтуынша, өзін көрші ауылға апарып үш жігіт зорлаған. Осыдан соң бала көтеріп, өмірге әкелді. Тергеу жүргенімен іс сотқа жетпей тоқтап қалған. Ал, жәбірленушінің алимент өндіру талабы орындалмаған. 

Тікелей эфирге хабарласқан Дидар есімді жігіт сараптама нәтижесі бойынша баланың әкесі деп танылған. Алайда ол баласы мойындамайды. Себебі өзінің өтініші бойынша Қызғалдақ екінші рет ДНҚ жасатуға келісім бермеген. Сол себепті көңілінде күдік ұялаған. «Оның үстіне бала маған емес, көлік жүргізге жігітке ұқсайды» деп ақталды. 

«Тергеу кезінде мені баланың әкесі деп тапты. Бірақ мен Қызғалдаққа кейін қайта бір ДНҚ жасауды сұрадым. Сенімді болу үшін. Егер менің әкелігім расталса, мен ақшалай көмектесіп тұрам дедім. Ол келіспеді. ДНҚ жасатпады», – деді Дидар телефонмен сөйлескен жауабында.

Мұны Қызғалдақ былай түсіндірді.

«Сот сараптамасында Дидардың баламың әкесі екені анықталды. Кейін ол маған ДНҚ жасатайық деп айтқаны рас. Ол кезде менде жеке куәлік болған жоқ. Сондықтан менің асыраушымның рұқсаты керек еді. Асыраушыммен ақылдасайын деген едім Дидарға. Кейін тағы бір рет ДНҚ тапсыруға келісіп, Дидарға қоңырау шалғанда ол тұтқасын көтермей қойды», – деді бойжеткен. 

Бағдарлама бұл істі соңына дейін жеткізуге дайын. Ол үшін жәбірлеуші арыз жазып, істі қайта қозғауға дайын екенін айтты. 



 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз