Қазір Кореяда жатыр: Сәбит Әбдіхалықов неліктен театр басшысы лауазымынан кетіп бара жатқандығын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов не себепті қызметінен кетіп бара жатқандығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz сілтеме жасап. 

«Біздің театрда 300-ден астам адам қызмет атқарады. Олардың пікірлері әртүрлі. Біз қазір бір отбасыдай болып кеткенбіз және олардың сөзі мен үшін хақ. Негізі бұл жағдайды үлкен шу жасамай-ақ қойғанда болар еді. Десек те олар жоғарыдағылардың жауабын ала алмаған соң БАҚ-қа жүгінуге мәжбүр болған», — деді театр басшысы.

Оның сөзінше, Әбдіхалықов бұл лауазымға тағайындалған театрдың 14 миллион теңгелік қарызы болған. Бірақ мәдениет орталығының ұжымы бұл жүкті жұмыла көтеріп, бас-аяғы бірнеше жылдардан кейін мәселені шеше алыпты. Бұған қоса Асанәлі Әшімовтің көмегімен, театрға көрермендер қайта тартылыпты. Сөзін қорытындылай келе, ол әріптестерінен кешірім сұрап, жұмысын өзінің денсаулығына байланысты қалдырып жатқандығын қосты.

«Шетелдік және қазақстандық дәрігер мамандармен сөйлесе келе, өзімнің жағдайымның нашарлап кеткеніне байланысты мен М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының басшысы лауазымын өткізіп бергім келеді. Осы уақытқа дейін бірге жұмыс атқарған театр ұжымына алғысымды білдіремін. Мен біздің орталықты көркейтуге ат салысқан әрбір қызметкерді мақтан тұтамын», — деп аяқтады сөзін Сәбит Әбдіхалықов.

Еске салайық, театр басшысын орнынан алып тастағаннан кейін мәдениет орталығының қызметкерлері шу шығарған еді. Кейіннен бас көтерген әртістерді мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері сабырға шақырған болатын. Олар Әбдіхалықовты қайта жұмысқа қоямыз деп сендіріпті

stan.kz