Youtube арқылы қалай табыс табуға болады?

0
3

Бұл мақаладан сіздер ең бірінші, Youtube арнасынан оңай табыс табудың жолдарын үйренесіздер;

  •  Сіз бұл табыстың мәнін түсінесіз;
  •  Сіз қанша ақша таба алатыныңызды білесіз;
  •  Сондай-ақ сіз Youtube тан ақша табу жолдарының ең керемет  үлгісімен таныса аласыз;

Ютуб арнасынан ақша табудың бірден бір жолы  Google Adsense пен  видеоны парақшаларға жариялау арқылы бастай аласыз.

Ең алдымен жарнаманың қандай түрлері болатынын қарастырып көрейік. Сіздер оның көбісімен таныссыздар.

Youtube арнасындағы жарнаманың бірінші түрі

Жарнаманың бірінші түрі- бұл видеоның басында көрсетілетін жарнама.

Жарнама әр түрлі болады. Жарнама көрсетіле бастаған кезде 5 секундтан кейін өшіріп тастауға болатыны бар. Сіздер оны төменгі үлгі бойыншы көре аласыздар.

Және де соңына дейін көрсетілетін жарнама түрлері болады. Сізге оны аяқталғанға дейін көруге тура келеді. Бұл жарнамалар  видеоның ортасында немесе соңында көрсетілуі мүмкін.

Жарнаманың иесі ақшалай табысты тек оның жарнамасы толық қаралса ғана алады. Оның жарнамасын толық қарамай өшіріп тастаған жағдайда оған табыс түспейді.

Youtube арнасындағы жарнаманың екінші түрі

Сондай-ақ,  видеороликтер көрсетілетін  youtube.com парақшасына да жарнаманы орналастыруға болады. Жарнаманы орналастыру видеоның жоғарғы оң жақ бөлігінде орналасқан. Бұл жағдайда жарнама иесі көрермен жай қараған кезде де пайда көре алады.

Жарнаманың екінші түрі көбірек пайда әкеледі. Өйткені өзіне қажет деген жарнаманы көрермен өзі іздейді. Сол кезде сіздің жарнамаңыз көп қаралымға ие болады.

Мысалы алатын болсақ,  мен Google дан бірнеше күн бұрын Philips фирмасының үтігін іздеген болатынмын. Бірнеше күннен кейін Youtube арнасын көріп отырып жарнама видеосынан Philips үтігінің жарнамасын көріп қалдым. Бұл өзінің көрермендеріне көмек көрсетумен қатар, тікелей жарнамадан табыс табады. Өйткені youtube арнасы да жарнаманың жарты пайдасын көріп отыр.

Youtube арнасындағы жарнаманың үшінші түрі

Жарнаманың тағы бір түрі, видео көрсетіліп жатқан кезде төменгі жағында қалқымалы терезе немесе  баннер көрінеді. Егер көрермен оны ашып қараса жарнама иесіне ақшалай табыс түседі.

Сонымен біз Google Adcense арқылы  Youtbube арнасындағы жарнаманың ең негізгі түрлерімен таныстық.

Мақаланың басында айта кеткендей, бұл Youtube тан пайда табудың ең оңай жолы . Неліктен? Өйткені сізге қатты бас қатырудың қажеті жоқ. Тек бірнеше нұсқауларды орындасаңыз болғаны:

  • Жаңа видеороликтерді жасау;
  • Өз каналыңызға жүктеу;
  • Көп қаралым болу үшін алға жылжыту және оңтайландыру;

Google Adcense арқылы Youtube арнасынан қалай ақша табуға болады?

Процедураның өзі жеңіл болып табылады. Сіз каналыңыздағы монетизация желісін қосу керексіз немесе ол қосылмаған жағдайда сіз медиа желілерді қосу арқылы жарнамадан ақша таба аласыз. Техникалық түрде қарастыруды келесі мақалада айтатын боламын. Оған дейін,  сіз менің Youtube желісіндегі тегін ақша табу жолдарын қарап үйренуге болады.

Youtube арнасынан тапқан қаражатыңызды қалай алуға болады ?

Бастапқыда Google Adcense арқылы жасаған жарнаманың бірінші ақшалай табысымды мен почта  арқылы алатынмын. Бұл менің бірталай уақытымды кетірді. Сондықтан мен ақшалай табысымды Webmoney әмияны арқылы Visa картасымен ақшамды банкоматтан алып отырдым. Webmoney әмияны арқылы ақша алу жолдарын ютуб арнасынан көре аласыздар.

Бұл жолмен Youtube арнасынан қанша  қаражат табуға болады

Мен сіздерге Youtube арнасында ең көп қаралым жинаған және рекорд  жасаған видеоролик жайлы айтайын.

Бұл корейлік орындаушы ‘PSY’ өзінің  Gangnam style бейнебаянымен тек Youtube арнасында ғана емес,  Гинес кітабында да рекорд орнатқан. Ол Youtube арнасындағы көрсетілімі бойыншы ең көп табыс тапқан адам.

Кейбір деректер бойынша тек Google Adcense арқылы жарнама бойынша ‘PSY’ 2 млн долларға жуық табыс тапқан.

Орташа есеппен Youtube арнасында видеоролик 1000 рет қаралған кезде 1 доллар табыс табуға болады. Жақсы табыс табу үшін сіздің видеороликтеріңіз қызықты болуы қажет. Youtube арнасындағы тақырыптарыңыз көрерменді қызықтыру қажет. Видеоларыңыздың табысы CTR ге байланысты. CTR дегеніміз- сіздің видеоңыздағы жарнаманы көрушілер арқылы анықталады. CTR процент арқылы өлшенеді.

Сіздің видеоңызды көріп отырып көрермен ұсынылған жарнаманы толық көретін болса CTR сізге арнайы процентті өлшеп отырады.

Мысалға алатын болсақ сіздің видеоролигіңізді 100  адам көретін болса, біреуі жарнаманы нұсқап ашып көрсе CTR сізге 1% тағайындайды, екі адам жарнаманы нұсқап ашып көрсе 2% тағайындалады.

Егер сіз  Youtube те өз каналыңызды ашып, ол жеке қаржы және инвестиция жайлы болса, онда сізге жарнама берушілер көбірек болуы ықтимал. Сол себепті сіздің табысыңыз ұлғаяды. Өйткені ойлап қарасақ банктер, жеке кәсіпкерлер, брокерлер, форекс-трейдерлер т.б қызығушылық танытады.

Біз айтып өткен корейлік орындаушы ‘PSY’- дың бейнебаяны:

  • Осы мақала жазу барысында бейнебаянның көрсетілімі-1,8 млрд жеткен.
  • 1000 қаралымға 1 доллар төленетін болса, 1 миллард қаралым 1 миллион доллар табыс әкеледі.
  • Ал 1,8 млрд қаралым  1 800 000 доллар табыс әкеледі.

Сізге жақсы ақша табу үшін PSY- дың бейнебаяның  қажеті жоқ. Сіз Youtube арнаңызды қызғушылық ретінде ашып отырсыз күнделікті табысыңызды тапсаңыз болғаны.

Сіздің басты мақсатыңыз Youtube арнасында күніне 50 000-100 000ға жуық қаралым болуы қажет. Бұл жағдайда сіздің бір айлық табысыңыз 3000 долларға жетеді. Әрине бұл ақшаны бір айда немесе бір жылда таба алмайтын шығарсыз. Бірақ бірнеше жылда тұрақты қаражат табуға болады.

Қорыта келе, біз бұл мақалада Youtube арнасында жарнама арқылы ақша табу жолдарын қарастырдық.Келесі мақалада  біз Youtube арнасынан  табыс табудың басқа да жолдарын үйренетін боламыз.

Сізге Youtube арнасынында Google Adcense арқылы табыс табу үшін:

  • Youtube арнаңыздың тақырыбын бекіту;
  • Youtube арнасына тіркелу;
  • Арнаға роликтер салып тұру;
  • Youtube арнасын  бақылап отыру:

 

Дайындаған: KzNews.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз