ҚазАвтоЖол мен Казахавтодор біріктіріледі

0

Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құру қажет. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық», — деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес. Ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.