Қазақтың шапанын киген Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Халықаралық батыл әйелдер сыйлығын Сайрагүл Сауытбайға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың қолынан алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сайрагүл

Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі жариялады. 

Биылғы жылдың 4 наурызында АҚШ мемлекеттік департаменті халықаралық батыл әйелдер сыйлығын Сайрагүл Сауытбайға тапсырды. Ол – бала-шағасымен қауышу үшін өз өмірін қауіпке тігіп, Қытай шекарасын асып қашқан Шыңжан қазағы.

«Босқындардың пана мен әділдік жолында қалай күресе алатындарын өз мысалымен көрсеткені үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық батыл әйелдер сыйлығына ие болған Сайрагүл Сауытбайды біз мақтан етеміз», – делінген елшіліктің Facebook-тегі парақшасында. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз