Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі көз жұмды

0

Тоқаев Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенконың туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Сергей Александрович колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейін үлкен өмірлік және кәсіби жолдан өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, іске асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С. Терещенко елдің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосты. Ерекше еңбегі үшін ол «Қазақстанның Еңбек ер» жоғары атағына, басқа да мемлекеттік наградаларға ие болды», – делінген жеделхатта.

фото: tengrinews.kz