Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің сәулетшісі ұсталды

0

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған ТК сәулетшісі ұсталды. Ол Черногорияға ұшып кетпек болған.

Түркияның Хатай провинциясындағы жер сілкінісінен кейін толығымен қираған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі Ыстамбұл әуежайында ұсталды, — деп жазады Сабах газеті.

Құрылысы 2012 жылы аяқталған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер 1,5 миллионнан 3 миллион лираға дейін сатылды (2012 жылға арналған бағам бойынша 800 мыңнан 1,6 миллион долларға дейін). Алайда, жер сілкінісіне «жұмақ орын» деп жарнамаланған үй шыдай алмаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан 19,3 мың адам қаза тауып, 77 мыңнан астамы зардап шекті. Хатай провинциясы елдегі жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен аумаққа айналды. Дәл сол жерде екі қазақстандық қаза тапты.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz