Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында қатты қар жауады
Одан бөлек кей өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 21-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты жауын-шашын, күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысында орналасқан таулы аумақтарында — қатты қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.
Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с,
Шығыс-Қазақстан облысында күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.
Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшейуі 15-20, күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің күшейуі 15-20 м/с күтіледі.
Манғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде – тұман.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz