Владлен Берденников | өмірбаяны

0
40
Advertisement

Владлен Берденников  (1935–2008) – 29 қарашада Нижний Новгород қаласында туған. Еңбек жолын 1952 жылы жұмысшылықтан бастаған. Кейін №1 Қарағанды шахтасында істеген. Қарағанды педагогика институтын бітірген.

Алғашқы өлеңі 1952 жылы «Социалистік Қарағанды» газетінде басылған. Жиырма жылға жуық журналистика саласында еңбек еткен. Газет, радио, телевидениеде тілші болған, «Простор» журналында қызмет істеген.

Бірнеше повестер мен романдардың авторы. Ол сонымен бірге Д.Исабековтің, А.Жақсыбаевтың, М.Гумеровтің шығармаларын орысшаға аударған. Драмалық туындыларға да қалам тартып қояды.

Шығармалары: Кешке қарай. Повесть. А., «Жазушы» , 1975; Татарников. Повесть. А., «Жазушы», 1976; Күн астындағы мекен. Повесть. А., «Жалын», 1978; Жылы топырақ. Роман. А., «Жазушы», 1981; Тамырлар. Роман. А., «Жазушы», 1983; Шкаф артындағы газеттер. Роман; Балалық сауалдар. Роман.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз