Қазақстанның оңтүстігінде төрт автовокзал жабылды
Тұрақты ауданаралық рейстердің саны 50 процентке азайды, тоғыз автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында бірнеше автовокзал жабылды. Тұрақты ауданаралық рейстер саны 50%-ке азайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Уақытша жабылғандар:
- Леңгір қаласындағы «Тау жұлдызы» автовокзалы;
- Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан»;
- Түркістан қаласындағы «Түркістан орталығы» және «Яссы».
9 автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды:
- Кентаудағы «Транзит сервис»;
- Арыс қаласындағы «Арыс»;
- Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы»;
- Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш»;
- Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», «Сау Бол»;
- Жетісай қаласындағы «Жаз»;
- Түркістан қаласындағы «Мерей» және «Алтын орда».
Тағы оқыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.
26 наурызда коронавирустан айыққан екі науқас ауруханадан шығарылмақ.
sputniknews.kz