Алматыда коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

коронавирус

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 01:10 сағаттағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді», — делінген министрлік хабарламасында.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 32 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 81 науқас тіркелді.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы иммунитет қандай жағдайда түзілетіні туралы сөз болды.

stan.kz